Казахстанские новости

Әл-ауқат деңгейін анықтау жолдары (29.05.2020, 16:00), просмотров: 2367

 Әл-ауқат деңгейін анықтау жолдары
«Азаматтық бастамалар» қоғамдық қорының мамандары ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен ҰАҚ «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» мемлекеттік гранты аясында жүзеге асырылатын «Жергілікті қоғамдастықтардың әл-ауқаты: азаматтардың шешім қабылдауға қатысуы» әлеуметтік жобасы барысында халықтың әл-ауқатын бағалаудың өзіндік әдістемесін әзірлеуге кірісті.

Ұзақ уақыт бойы экономикалық ғылымда объективті тәсіл басым болды, оған сәйкес кірістер (жеке немесе үй шаруашылықтары) абсолютті түрде жеке немесе отбасылық әл-ауқаттың неғұрлым барабар көрсеткіші, ал ұлттық табыс (жан басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткіші) елдің экономикалық әл-ауқатының көрсеткіші ретінде қарастырылды.

Соңғы онжылдықтарда «әл-ауқат» түсінігі өзгерді. Бүгінгі таңда экономистер ұлттың әл-ауқаты тек экономикалық әл-ауқатпен байланысты еместігін, оны басқа да факторлармен анықтау керек деген қорытындыға келді. Жаңа көрсеткіш енгізілді: субъективті әл-ауқат.

Әлеуметтік әл-ауқаттың көп факторлы жағдайын ескере отырып, көптеген авторлар әл-ауқаттың әртүрлі түрін ұсынады. Бірақ негізгі компоненттер мыналар: әлеуметтік, рухани, кәсіби, материалдық, қаржылық, физикалық әл-ауқат, психикалық жайлылық, өмір сүру ортасындағы әл-ауқат.

Әсер етуші факторлардың әртүрлілігі әл-ауқаттың сандық мәнін бағалаудың әртүрлі әдістерін құруға әкелді. Алайда, әл-ауқаттың әртүрлі аспектілері бойынша бірыңғай сандық бағалау жүргізу немесе оған салыстырмалы талдау жасау іс жүзінде мүмкін емес.

Тәжірибеде әр түрлі тәсілдерге негізделген екі түбегейлі әдіс қолданылады: субъективті және объективті. Субъективті әдіске адамның өз өміріне қанағаттану дәрежесін бағалау кіреді. Ал өмір сапасын объективті бағалауда түпкілікті көрсеткіш белгілі бір дәрежеде экономикалық дамуды көрсететін жеке статистикалық көрсеткіштер жиынтығын статистикалық өңдеу негізінде алынады.

Қоғамдағы жағдайды талдай отырып, белгілі бір аумақтағы адамның әл-ауқатын тиімді және объективті бағалау үшін әлеуметтік-тарихи ғылымдардың негізгі аспектілерін зерделей келе, «Азаматтық бастамалар» қоғамдық қорының мамандары төмендегідей көрсеткіштер жиынтығын қолдануды ұсынады:

1. Ең төменгі күнкөріс деңгейі және басқа да ең төменгі кіріс көрсеткіштері;

2. Жұмыспен қамту деңгейі (жұмыспен қамтылған тұрғындардың аумақтың еңбекке қабілетті тұрғындармен арақатынасы);

3. Инфляция деңгейі және баға саясаты;

4. Психикалық және эмоционалдық денсаулық деңгейі (белгілі бір уақыт аралығында жасалған қылмыстар саны және олардың себеп-салдарлық байланысы);

5. Жайлылық деңгейі;

6. Көлікке қол жетімділік деңгейі (белгілі бір аумақтағы көліктің ең тиімді түрін тұрғындарға өткізу қатынасы және басқа инфрақұрылым мен логистикалық аспектілерді дамыту);

7. Қоршаған орта жағдайларының деңгейі (өнеркәсіптік кәсіпорындардың саны, халықтың санитарлық-экологиялық денсаулығының факторлары).

Осы көрсеткіштерді талдау жобада қамтылған аймақтарда тұратын азаматтардың әл-ауқатын неғұрлым дәл бағалауға мүмкіндік береді.

Жобаға қатысу үшін мына байланыс нөміріне қоңырау шалыңыз: + 7 701 348 48 59
Бізге әлеуметтік желіде қосылыңыз: https://www.facebook.com/groups/blagokz
#qogamgov #cisc2020 #blagokz #самоуправление #благополучие


Последние новости:



Комментарии:


Нет комментариев. Почему бы Вам не оставить свой?



Для того чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь и войдите на сайт под своим именем.

Если Вы уже регистрировались то просто войдите на сайт под своим именем.



Ещё новости

Бишимбаев задавил р...
В Министерстве внутренних дел прокомментирова...
В Казахстане хотят ...
В Казахстане планируют отменить лишение прав ...

Доктор ноут
100 дорог

"Электронный город" ТОО

Предлагает:
Обслуживание налого...
Компания "Электронный город" предлагает свои услуг...
Обслуживание бухгал...
Компания "Электронный город" предлагает свои услуг...
Реклама на сайтеКонтактыНаши клиенты     Статистика
сейчас на сайте 251 чел.
© 2006-2023 ТОО"Электронный город"
    Дизайн Алексенко А.