Казахстанские новости

Өз құқығыңызды біліңіз! (28.05.2020, 11:52), просмотров: 1588

Өз құқығыңызды біліңіз!
«Елдің жекелеген аймақтарында, оның ішінде ауылдық елді мекендерде адам құқықтарын іске асырудағы жағдайды талдау» әлеуметтік жобасы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАК мемлекеттік грантының аясында жүзеге асырылуда.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ықпалымен «Ерекше таңдау» корпоративтік қоры мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы 2019 жылғы қараша айында өткізген әлеуметтік сауалнама нәтижесі Қазақстандағы аулдық жерлерде әлеуметтік қызмет алатындардың 50%-ы өз құқықтарын білмейтіндігін көрсетті.

Құқықтық сауатсыздық әлеуметтік жағынан осал топтардың өмірлерін жақсартуға бөгет болмақ. Бұл өз кезегінде жемқорлыққа алып келуі де ғажап емес. Ағымдағы жылдың наурыз айында бастау алған «Еліміздің шалғай аймақтарындағы, оның ішінде ауылдық елді мекендердегі адам құқықтарын іске асырудағы ахуалды талдау» жобасы жоғарады орын алған олқылықты жөнге салуға көмектеспек.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАО тапсырысы бойынша «Азаматтар бастамасы» Павлодарлық қоғамдық қоры аталмыш жобаны Қазақстанның 16 аймағында жүзеге асырады.

Жоба бойынша әр аймақ 60 адамды қамтиды. Барлығы 1040 адам. Оның 340-ы әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындар. БАҚ-та берілген ақпарат негізінде жанама бенефициарлардың саны 5000-нан асады.

Жоба мақсаты — азаматтардың құқығын қорғау. Оның ішіне шалғай аймақтар да кіреді. Мақсатқа жету үшін атқарылған ісшаралардың нәтижесінде еліміздің шалғай жатқан аймақтарын ескере отырып тұрғындар қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған әдістеме енгізілді.

Ол үшін «Азаматтар бастамасы» ҚҚ мамандары арнайы алты адамнан тұратын бақылау топтарын құрды. Олар аулы тұрғындарымен кездесулер, сауалнамалық жұмыстар өткізеді. Атқарылған сауалнама соңында арнайы аймақтағы тұрғындардың құқығын іске асыруға арналған жағдайлардың жай-күйі көрсетіп ұсыныстар жасай отырып аналитикалық баяндама дайындалады.

Баяндама жобаға қатысатын аулыдарда тұрғындар жиналысында ұсынылады.

Әзірше, өткен жылғы сауылнамаға сәйкес, Қазақстанның шалғай ауылдарының жағдайы төмен отбасылар өздерінің құқығына қатысты (24%) өте нашар ақпараттандырылған. Сотта қорғау құқығы туралы да (27%). ақпараттандырылмаған. Алайда, олардың көпшілігі әлеуметтік қамсыздандыру (60%) және тегін медициналық қызмет көрсету (59%) саласына қатысты ақпарат пен түсіндірулер көбірек қажет деп санайды.

Жоба қатысты парақшада адам құқығына арналған мәліметтерге сілтеме берілген: https://www.facebook.com/groups/pravregkz


Последние новости:



Комментарии:


Нет комментариев. Почему бы Вам не оставить свой?



Для того чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь и войдите на сайт под своим именем.

Если Вы уже регистрировались то просто войдите на сайт под своим именем.



Ещё новости

Смертельная перестр...
В Комитете национальной безопасности проком...
Казахстанцы, которы...
Казахстанцы, которые попали под кредитную амн...

Ёрш
100 дорог

"Roll Service" фирма

Предлагает:
Натяжные потолки
Компания Roll Service предлагает, качественный и б...
Ролл-шторы
Изготовление и установка ролл-штор с различными ме...
Рулонные шторы Рулонные шторы
День-Ночь (зебра)
Реклама на сайтеКонтактыНаши клиенты     Статистика
сейчас на сайте 218 чел.
© 2006-2023 ТОО"Электронный город"
    Дизайн Алексенко А.