Казахстанские новости

«Қазақстан әйелдерінің ҮЕҰ гендерлік теңсіздік және (17.10.2019, 11:40), просмотров: 2006

«Қазақстан әйелдерінің ҮЕҰ гендерлік теңсіздік және
«Қазақстанның Әйелдері Күштерінің Альянсы» 2019 жылдың қыркүйек айында ресми түрде өз қызметін бастады. Альянс құрамына әйелдер мен балалар құқықтарының бұзылуы, гендерлік теңсіздік мәселелерін шешумен және әйелдердің саясатта, экономика мен қоғамдық қызметте алға басуына мүмкіндік жасаумен айналысатын 20-ға жуық республикалық әйелдер ұйымы кірді.

Бұл туралы 2019 жылдың 15 қазан күні Алматы қаласы Қазақстан Баспасөз клубінде «Қазақстанның Әйелдері Күштерінің Альянсы» мүшелері мәлімдеді.

Еліміздегі қазіргі жағдайды ескере отырып, Альянс өзінің миссиясы ретінде Қазақстандағы әйел адамдардың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жоғарлатуды негізге алады.

Қазақстан халқының 9,7 миллионы, яғни жалпы халықтың 52% — әйел адамдар. Олар елдің ЖІӨ құруға елеулі үлес қосады (ЖІӨ-нің шамамен 40%-ы), халықтың репродуктивті дамуын, сондай-ақ ұлттың әл-ауқатын қамтамасыз етеді. Ал еліміздегі бүгінгі гендерлік саясат жағдайы көңіл тоярлықтай деңгейге жетпейді. Мысалы, Гендерлік дамудың жаһандық индексі (ДЭФ) рейтингісінде Қазақстан 2018 жылы «әйел адамдардың саясатқа қатысуы» индексі бойынша 94 орынды иеленді, елімізде облыс және қала әкімдері арасында бірде-бір әйел адам жоқ, Үкімет Министрі −1 әйел адам және Парламент Сенаты — 1 әйел адам, — деп Қазақстанның Әйелдері Күштерінің Альянсының Төрайымы Раушан Сәрсембаева мәлімдеді.

Альянс ұсынып отырған Бағдарлама әйел адамдардың құқықтары мен экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталлады.

Асия Хайруллина, Шығармашылық бастамалар әйелдер Лигасының жетекшісі:

Біздің мақсатымыз әйел адамдардың шешім қабылдау деңгейін биліктің атқарушы және мемлекеттік құрылымдарында 30%-ға дейін арттыру, әйел адамдарды партиялық тізімге ер адамдармен тең құқылы жағдайда «Зебра» қағидаты бойынша (ер-әйел) ұсыну, облыстық маслихаттарды 50% -ер адамдар, 50%-әйел адамдар болатындай тең құқылы жағдайда құру, «Ақ квоталарды» қабылдау, яғни Акционерлік қоғамдар туралы Заңда корпоративтік сектордың директорлар кеңесінде әйел адамдар үшін 20%-ға дейін квоталар тағайындау, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасын қабылдау, әсіресе 45 жастан асқан әйелдер үшін еңбек кемсітушілігін жою болып табылады.

Сонымен қатар, әйел адамдар тарапына көрсетілетін тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі де қозғалды.

Азиза Шужеева, «BIGNAME» репутациялық менеджмент Агенттігінің жетекшісі:

Қазақстандық әйел адамдардың 15%-ы ер адам өз жұбайына қол көтеруге құқылы деп санаса, ауылдық мекендерде әрбір бесінші әйел адам тұрмыстық зорлық-зомбылықты норма ретінде қабылдайды. Осы ретте тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресті күшейтіп, жасалған қылмыс үшін жауапкершілікті қатаңдату керек.

Альянс қазақстандық әйел адамдардың экономикалық мәртебесін жоғарлатуға да дем қойып отыр.

Гүлмира Курганбаева, экономика ғылымдарының кандидаты:

Қазақстанда әлі күнге дейін әйел адамдардың жалақысы ер адамдардың жалақысынан орташа есеппен 30%-ға төмен, әйел адамдардың 57%-ы тұрақты жұмыс істемейді және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар немесе жұмыссыздар санатына жатады. Көбінесе бұл ауылдық жерлердегі әйел адамдар. Жұмысбасты әйел адамдардың басым бөлігі (72%) қызмет көрсету саласында жұмыс істейді, ал жас қыздар, нақты әлеуметтік лифтілерді көрмейді. Сондықтан, ең бірінші қадам — білім алу болу керек. Себебі, білімді әйел адам өз балаларына да дұрыс тәрбие бере алады.

Назгүл Мақжан, «Шапағат» халықтық қорының жетекшісі, кәсіпкер: «Қазақстанның 20-дан астам үкіметтік емес әйелдер ұйымы біздің қоғамдағы өзекті мәселелерді шешу үшін Әйелдер күштері Альянсына бірікті.

Әйелдер Күштері Альянсы әйелдердің құқықтары мен экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған бағдарламаны қалыптастырды. Біздің мақсаттарымыздың бірі — әйелдердің атқарушы және мемлекеттік билік құрылымдарында шешім қабылдау деңгейіне 30 пайызға дейін шығуға мүмкіндік беру. Сондай-ақ, біз әйелдер үшін барлық облыстық мәслихаттардың құрамын ер адамдармен тең жағдайда, яғни 50-ден 50-ге дейін қалыптастыруға қол жеткіземіз.* «Зебра» (ер-әйел) қағидаты бойынша ер адамдармен тең құқықты жағдайларда партиялық тізімдерде әйелдерді ұсыну Еңбек кемсітушілігін жою, әсіресе 45 жастан асқан әйелдер үшін. Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасын қабылдау. Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресті күшейту. «Көп балалы және жалғыз басты ата-аналар» мәртебесін заңнамалық бекіту және олардың еңбек құқықтарын кеңейту.Гендерлік саясатты іске асыру үшін әкімшілік, Еңбек және қаржы ресурстарын бөле отырып, ҚР Үкіметінің құрамында әйелдер, балалар және отбасы істері жөніндегі мамандандырылған орган арнайы — Агенттікті құру.

әлеуметтік жағдайларға

Ұйым мүшелері ҚР Үкіметі құрамында әйел адамдар, балалар және отбасы мәселелері бойынша Агенттігі арнайы органын құру, және гендерлік саясатты, отбасы саясатын жетік орындау мақсатында, оны әкімшілік, еңбек және қаржылық ресурстарымен қамтамасыз етуді ұсынады.

«Қазақстанның Әйелдері Күштерінің Альянсы» өз қызметінің нәтижесі ретінде қазақстандық қоғамда әйел адамдардың мәртебесі мен әл-ауқатының жоғарлауын көреді.

Автор: Алима Ахметжанова


Последние новости:



Комментарии:


Нет комментариев. Почему бы Вам не оставить свой?



Для того чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь и войдите на сайт под своим именем.

Если Вы уже регистрировались то просто войдите на сайт под своим именем.



Ещё новости

Бишимбаев задавил р...
В Министерстве внутренних дел прокомментирова...
В Казахстане хотят ...
В Казахстане планируют отменить лишение прав ...

Доктор ноут
100 дорог

УМЕЛЕЦ, строительный магазин

Предлагает:
Сухие строительные ...
* Alinex
* Наши
* Knauf
Замки
* накладные * врезные* межкомна тные* гаражные* н...
Реклама на сайтеКонтактыНаши клиенты     Статистика
сейчас на сайте 200 чел.
© 2006-2023 ТОО"Электронный город"
    Дизайн Алексенко А.