Казахстанские новости

Мезгіл мәселесі (14.06.2018, 13:53), просмотров: 2631

Мезгіл мәселесі
Мәжіліс депутаты, ҚКХП ОК хатшысы Айқын Қоңыровтың «Халық коммунистері» фракциясының атынан Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа жолдаған депутаттық сауалына ресми жауап берілді. 

Естеріңізге салайық, өткен айда Айқын Қоңыров АИ-80 бензинінің бағасын мемлекеттік реттеу мен жаппай өндіруді тоқтату мезгілсіз жүргізілгенін алға тартып, ел азаматтары мен кәсіпорындардың мүддесін қорғау үшін Үкімет нақты шара қабылдауға тиіс екеніне назар аудартты.

«2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан аумағында К2 және К3 экологиялық санаттағы отынды өндіруге және импорттауға тыйым салынған. Бұл техрегламент АИ-80 (К4 және К5) бензинін өндіруге және импорттауға тыйым салмайды, алайда жанар-жағармай бекеттерінде АИ-80 бензині жоқ», - деді депутат.

Айқын Қоңыров  халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған тобы АИ-80 маркалы бензинімен жұмыс істейтін ЗИЛ, ГАЗ, УАЗ, ЗАЗ, ЕРАЗ, ИЖ сынды  көлік құралдарын пайдаланатынын айтып, ІІМ мәліметін келтірді. Онда АИ-80 маркалы бензинін пайдаланатын көлік құралдарының жалпы саны 484692 бірлікті құрайтыны көрсетілді.

«АИ-80 маркалы бензинін еркін сатып алу мүмкіндігі болмаса, жоғарыда аталған автокөлік иелері АИ-92 бензинін тұтынуға мәжбүр болады. Ал бұл жоғары октанды бензинге сай отын жүйесі мен көлік құралдарының агрегаттарын қайта жабдықтауды қажет етеді. Салдарынан кәсіпорындар мен азаматтардың бюджеттік жағдайына нұқсан келеді», - деп мәлімдеді «Халық коммунистері» фракциясының өкілі.

Депутаттың дабылына Үкімет басшысы бірден үн қатты.

«Қазіргі уақытта отандық мұнай өңдеу зауыттарын (МӨЗ) жаңғырту жұмысы аяқталуға жақын. Бұл жұмыс бензиннің октандық көрсеткіштерін ұлғайту бойынша ірі тонналы технологиялық қондырғыларды пайдалануға беруді (изомерлеу, каталитикалық риформинг, олигомеризация), сондай-ақ жоғары октанды бензин компоненттерінің сапалы сипаттамаларын ескере отырып, МӨЗ-дің технологиялық схемаларын өзгертуді көздейді», - деді Бақытжан Сағынтаев

Үкімет басшысы мәжілісменге берген жауабында АИ-80 маркалы бензин  еліміздің әлеуетті құрылымдары үшін «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС-ның арнайы тапсырысы бойынша өндірілетінін айтты.

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС Үкіметтің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы №1304 қаулысына сәйкес, ҚР Қарулы күштеріне мұнай өнімдерін жеткізу жөніндегі бірыңғай оператор болып табылады. АИ-80 маркалы бензинімен ішкі нарықтың сұранысын қанағаттандыру мақса-тында Үкімет оны импорттау мәселесін пысықтап жатыр. Сондай-ақ бүгінгі таңда АИ-80 маркалы бензинінің бөлшек саудадағы бағасы мемлекеттік реттеуге жататынын және литрі  89 теңгеден аспайтынын айтқымыз келеді. Бұл мәселе Үкіметтің бақылауында болады», - деп жауап берді депутаттық сауалға Үкімет басшысы.

 

Абылай БЕЙБАРЫС

Источник: Коммунист Казахстана №39 (448) май, 2018.


Последние новости:



Комментарии:


Нет комментариев. Почему бы Вам не оставить свой?



Для того чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь и войдите на сайт под своим именем.

Если Вы уже регистрировались то просто войдите на сайт под своим именем.



Ещё новости

Обманул казахстанце...
Сегодня сотрудниками Генеральной прокуратуры ...
Забивал на глазах у...
Стали известны новые подробности нападения ...

Ёрш
100 дорог

"Капиталист" Обмен валют на Толстого

Предлагает:
Обмен валют на ул. ...
* Доллар,* Евро,* Российский рубль,* Китайский юан...
Реклама на сайтеКонтактыНаши клиенты     Статистика
сейчас на сайте 144 чел.
© 2006-2023 ТОО"Электронный город"
    Дизайн Алексенко А.